Дабыл: Алматының Наурызбай ауданында сел жүруі мүмкін

Дабыл: Алматының Наурызбай ауданында сел жүруі мүмкін
Энергетика қызметіне жарықты, газды өшіру туралы бұйрық берілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Наурызбай ауданына сел жүру қаупі төніп тұрғандықтан дабыл жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Белгілі болғандай Наурызбай ауданында шағын сел жүрген.

"2019 жылдың 14 тамыз күні Наурызбай ауданында шағын көлемде сел жүрді. Халықты хабарландырып үлгердік. Зардап шеккендерді жинау және эвакуациялық орындар белгіленді. Энергетика қызметіне жарық пен газды өшіру туралы тапсырма берілді. Халықты ескертіп шығарып жатырмыз. Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің арнасымен төмен орналасқан Әуезов және Алатау аудандарында тұратын халыққа хабар таратуда. Қаланың барлық қызметтері жұмылдырылды, жақын маңда орналасқан елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады әкімдіктен.

Алматыда сел жүру қаупіне байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді.

Эвакуациялау пункттері: 

1. Ескі әкімшілік (Жандосов-Рысқұлов).

2. Шахмерденов атындағы 175 мектеп.

3. 158 мектеп. (Жандосов – Ясауи қиылысы).

Новости партнеров