Семей қаласында 15 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға 11 маусым күні Ертіс өзенінің Восточный кентіндегі тұсында болған.
«15 жастағы жасөспірім достарымен бірге рұқсат етілмеген жерде шомылған. Ағыны қатты өзенге сүңгіп кеткен ол қайта шыға алмады. Достары оны құтқаруға тырысқанымен еш нәтиже шықпаған. Көп ұзамай оқиға орнына сүңгуірлер келіп жетті. Алайда әлі күнге дейін марқұмның денесі табылмай жатыр», - делінген ақпаратта.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына шомылуға тыйым салынған учаскелерге бармауға шақырады.