Қызылордада 11 жастағы бала суға батып кетті
Фото: ашық дереккөзден
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 23 адам суға батып көз жұмған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда қаласында 11 жастағы ер бала дарияға суға батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Оқиға дарияның сол жағалауы аймағында болды. Онда 2009 жылы дүниеге келген ер бала дарияға батып кеткен.
«Қазір іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнында жұмыс істеуде», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.
Сондай-ақ, бүгін Қызылорда қаласында 25 жастағы жігіт Сырдарияға суға батып кетті.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында 23 адам суға батып көз жұмған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20