Мегаполистегі "Атакент" павильонында өрт шықты (видео)

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық өрт сөндірушілер КІЫО "Атакент"павильонында орналасқан кәсіпкерлердің мүлкін өрттен қорғап алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

01.05 22:12-де ТЖД күштері мен құралдары жоғары дәрежедегі шақыру бойынша Бостандық ауданы, Тимирязев к-сі, 42 үй, 7А павильонына мекенжайы бойынша жіберілді. 

- Барлау барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары павильонның екінші қабатында s= 60 ш. м. Шарпыған өрт ошағын жедел анықтады. Жоғары өрт жүктемесін (аумағы s=14 мың ш.м қойманың іші тауарлық-материалдық құндылықтарына лық толтырылған ), сондай-ақ көк түтінді ескере отырып, бірнеше өрт оқпандары дереу енгізілді және АД-120 түтін шығаратын өрт сөндіру машинасы іске қосылды. Қабылданған шаралармен өрт 35 минут ішінде оқшауланып, 22-57-де жойылды, абырой болғанда құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада. 

Жедел шақыртуға жеке құрамынан 57 л/с, 18 ТЖД техникасы, қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында 250 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті

Новости партнеров