Атырау облысында 250 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті

elements.envato.com
elements.envato.com
Зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысындағы Құрманғазы ауданында 250 тоннаға жуық шөп өртеніп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңірдегі төтеншеліктер бар күшті ашық аумаққа жұмылдырған. Десе де қызыл жалын ырық берер емес. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Ал төрт түлік қауіпсіз жерге көшірілді.

– Өрт сағат 23:30-да оқшауланып, таңғы сағат 04:30-да толықтай жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда. Өрт сөндіруге АО ТЖД Құрманғазы ауданы  №7 өрт сөндіру бөлімінің 9 қызметкері, 1 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 5 ерікті, 3 бірлік техника және ауыл тұрғындарынан 10 адам жұмылдырылды, – деді ТЖД Өрт сөндіру қызметінің бөлім бастығы Азамат Шайхиев.

Оқи отырыңыз: Өртен көз жұмған екі баланың өліміне қатысты тергеу басталды

Новости партнеров