Ұшақта жүрегі тоқтап қалған: жолаушы Алматыға жете алмады

16.05.2024 14:02

Ұшақ шұғыл Астанаға қонуға мәжбүр болған

elements.envato.com

Оқиға қазақстандық әуекомпанияның Қостанай - Алматы бағытындағы КС7141 рейсінде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Рейстегі жолаушылардың бірі көкке көтерілген соң өзін нашар сезінген. Ұшақ шұғыл Астанаға қонуға мәжбүр болған.

Бортсеріктер жолаушының тамыр соғысы мен тыныс алуын тексергенде тіршілік белгісін байқамаған. Экипаж мүшелері шұғыл түрде алғақшы көмек көрсетуге кіріскен. Содан кейін ұшақ қызметкерлері дәрігермен бірге дефибрилляторды қолдана отырып, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізген.

- Командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонды. Әуе компаниясының бортсеріктер әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды. Өкінішке қарай, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын растады, - деп хабарлады авиакомпания.

Авиакомпания жолаушының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Оқи отырыңыз: Cабақ үстінде өрт шықты: Шымкентегі мектептердің бірінде төтенше жағдай болды