«Өзбекстанда ірі жол апаты болды»: Қазақстанның 5 азаматы жарақаттанып, біреуі көз жұмды

«Өзбекстанда ірі жол апаты болды»: Қазақстанның 5 азаматы жарақаттанып, біреуі көз жұмды
Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

23 маусымда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл автокөлік пен КамАЗ жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

«Апат салдарынан 7 адам зардап шекті, оның алтауы Қазақстан азаматтары. Біреуі оқиға орнында мерт болды. Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанның елшісі бұл мәселені жеке бақылауына алған. Қазақстандық дипломаттар ҚР азаматтарына тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына жетті. Қазақстан және Өзбекстан Денсаулық сақтау министрліктері қажетті медициналық көмек көрсету үшін тікелей байланыс орнатқан. Өзбек тарапы зардап шеккендерге операция жасау үшін Ташкенттен медицина мамандарын жіберді.

Новости партнеров