Қырғызстан тауларында мұздық опырылды

ҚазАқпарат
ҚазАқпарат
Оқиға салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды, қаза тапқандар жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ыстықкөл маңындағы таулардың Джууку шатқалында мұздық опырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Мұздықтың еруінен Жеті-Өгіз ауданының сыртқы алқабындағы Джууку асуы опырылғаны хабарланды. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің облыстық департаментінің қызметкерлері барды. 

Instagram желісіндегі куәгер Гарри Шимминнің айтуынша, мұздық құлаған кезде тоғыз британдық пен бір америкалық туристер тобы Джууку шатқалынан өтіп бара жатқан, бес минуттан кейін мұз басқан жерден әзер өтіп үлгерген. Оқиға салдарынан екі адам жеңіл жарақат алды, қаза тапқандар жоқ. Джууку шатқалы - Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауында, Қаракөл қаласынан 70 шақырым жерде орналасқан және Теріскей-Ала-Тоо жотасындағы ең ұзыны. Көркем табиғаты және әдемі көріністерімен шетелдік туристерді тартады.


Новости партнеров