|
23.01.2023 | 11:37
4092

Өзгелерге көмектесіп жатқан: жол апатынан тірі қалған жүргізушіні көлік қағып өлтірді

Тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді

Өзгелерге көмектесіп жатқан: жол апатынан тірі қалған жүргізушіні көлік қағып өлтірді стоп кадр

Павлодар облысындағы Павлодар-Қарағанды тасжолында жол талғамайтын көлік апатқа ұшырады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Үрейлі апат 22 қаңтарда кешкі уақытта болған, оның видеосы жарияланды. Кадрларда төңкерілген көліктің маңында бірнеше адам тұрғанын көруге болады. Осы кезде оларды қатты жылдамдықпен жол талғамайтын көлік қағып кетеді. Соқтығысу салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілді.

Яндекс.Такси сервисінің жүргізушісі қаза тапқан адам болып шықты. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болардан бірнеше минут бұрын такси жүргізушісі көлігі бұзылуына байланысты жолда дереу тоқтаған, содан кейін оны жол талғамайтын көлік соғып, такси жүргізушісі жолға құлаған.

"Соқтығысқаннан кейін жүргізушілер мен жолаушылар көлігінен шығып кетті. Бірінші апаттан кейін такси жүргізушісі аман қалды, ол көмектесіп жүрді, көліктерді тоқтатып жатты, төңкерілген көлікке соғылып қалмауын ескертті. Осы кезде джип қағып өтіп, оны өлтірді. Біз көлікте отырып, адамдардың жан-жаққа ұшқанын көрдік", - деді оқиға куәгерлері.

Үш адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әлі хабарланған жоқ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир