Батыс Қазақстан облысында 6 адам көлік апатынан қаза тапты
Depositphotos.com
Полиция мән-жайды анықтауда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
17 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында БҚО Теректі ауданы Бекей кентінің жанында, Самара - Шымкент жолының 290-шақырымында «DAF» маркалы ауыр жүк көлігімен «Lada Priora» соқтығысты. Апат салдарынан 6 адам қаза тапты.
Олардың екеуі 34 және 33 жастағы ересек адам. Қалғаны – 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған бала.
Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі де зардап шеккен.
- Оқиға орнында толық мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.
Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 18-24 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамы
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
07.10.2026 20:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00