|
18.02.2019 | 20:26
7472

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім екі баланы өрттен аман алып қалды (ФОТО)

Жасөспірімнің батылдығы екі баланың өмірін құтқаруға көмектесті

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім екі баланы өрт құшағынан аман алып қалды, деп хабарлайды «Отырар» сайты.

16 ақпанда Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел басқару орталығына Абай ауданы Құрсай шағынауданындағы Жаңақұрылыс көшесінде үй жанып жатқаны туралы ақпарат келді. Өрт 60 шаршы метр жерді шарпыған. Үйде үш бала үлкендердің қарауынсыз жалғыз болған.

Тергеу барысында өрт сөндірушілер анықтағандай, үйдің үлкен қызы түтінді көріп, қорқып, көршілерге көмек сұрай жүгірген. Оны естіген көршінің 2005 жылғы жасөспірім баласы анасынан өрт сөндіру қызметін шақыруды сұрайды да, өзі ойланбастан екі кішкентай бала отырған үйге жүгіріп кетеді. Жасөспірім  2013 жылғы қыз бен 2015 жылғы ұлды дер кезінде түтін болып кеткен үйден алып шыққан. Кейін үйден өрт шыққан сәтте, өртсөндірушілер де жетіп, қызыл жалынды жылдам сөндіреді.  

Осылайша, жасөспірімнің батылдығы екі баланың өмірін құтқаруға көмектесті. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Оқиға кезінде ата-аналары үйде болмаған екен. Өрт себептерін мамандар анықтап жатыр.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

пожар
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

Прямой эфир