|
Оқиғалар
18.06.2019 | 11:13

Алматыда 14 маусым күні жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Ұсталған күдікті Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындады

Алматыда 14 маусым күні жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Алматы облысының полицейлері із-түзсіз жоғалған Айнұр Қасымованың өліміне қатысты күдіктіні ұстады, деп хабарлайды stan.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1972 жылғы Алматы облысының тұрғыны бұған дейін де істі болған.

«Ақсу аудандық полиция қызметкерлері әйелдің өліміне қатысты такси жүргізушісі ұсталды», - дейді полиция департаменті.

Ұсталған күдікті Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындады. Оның денесін қайда көмгенін айтты.  

«Марқұмның денесі шығарылып, оны жақындары таныды. Мәйіт айдаладан табылды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр. Істі Ақсу аудандық полицейлері жүргізіп жатыр», - деді ведомство.

15 маусымда аудандық полицияға ауыл тұрғыны хабарласып, әпкесінің жоғалып кеткенін айтады. Тексеру кезінде 43 жастағы әйелдің Алматыдан «Митсубиси Галант» көлігімен келгені анықталды. Жол бойында туыстарымен хат арқылы сөйлескен.

Әйел көлік бұзылып қалғандықтан жол бойында басқа «Тойота» көлігіне мінгенін айтқан. Бұл ақпаратты такси жүргізушісі де растады.