Ақмола облысында жаңа туған нәрестеге құтқарушының есімі берілді
2024 жылғы 10 қаңтарда Ерейментау аудандық ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов боранда адасып қалған жүкті әйел мен оның баласын құтқарып қалды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Құтқарылған әйел жақында ұл баланы дүниеге әкелді. Бұл - отбасындағы жетінші бала. Халқымыз үшін жеті қасиетті сан. Сол себепті ата-анасы құтқарушыны перзентханаға шақырып, ұлына Амангелді есімін берді, - деді ведомстводан.
Оқи отырыңыз: Сарыағашта үшем дүниеге келді