Алматыда 2011 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыс әлемінің серкесі ұсталды (видео)

Ол «Қылмыстық топ құру» және «Бопсалау» баптары бойынша халықаралық іздеуде болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Қазақстан мен Қырғызстан ІІМ бірлескен жедел іс-шараларын жүргізу барысында 1971 жылы туған қылмыс әлемінің серкесі ұсталып, қамауға алынды, деп жазды Sputnik.

Қырғызстан Қылмыстық милиция қызметінің хабарлауынша, Шу облысында туған ер адамға 2011 жылдың тамыз айында Интерпол арқылы халықаралық іздеу салынған. Қырғызстанның Ішкі істер министрлігінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың бірінің белсенді мүшесі ретінде жедел тіркеуде тұрған. Оған «Қылмыстық топ құру» және «Бопсалау» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Ұсталған адам тонау, қарақшылық, ірі көлемде ақша жымқыру, атыс қаруын заңсыз ұстау, адам ұрлау, бопсалау қылмыстары үшін бірнеше рет сотталған. Қылмыс әлемінде беделі жоғары, бұрын «смотрящий» деген қылмыстық мәртебені иеленген.

Ол Қырғызстан қылмыстық ортасының лидері – қырғыздардың арасынан шыққан алғашқы «қылмыс әлемінің серкесі» Қамшыбек Көлбаевпен бір камерада жазасын өтеген. 

Новости партнеров