Алматыда тойдан шыққан жұпты көлік қағып өлтірді
Қол ұстасқан жұп «Бахар» мейрамханасынан шығып, жолдан өтпек болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы маңында Volkswagen Golf жүргізушісі рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған ер адам мен әйелді қағып өлтірді, деп жазады Nur.kz.
Қайғылы жағдай 14 сәуір күні түнгі сағат бір шамасында Алматы-Бішкек тас жолының 23 шақырымында орын алған.
Қол ұстасқан жұп «Бахар» мейрамханасынан шығып, жолдан өтпек болыпты.
Жарығы жоқ бөлікте ер адам мен әйелді жеңіл автокөлік қағып кеткен. Соққының күшті болғаны соншалық, оларды 10 метр қашықтыққа дейін ұшырып жіберіпті.
Алған жарақаттарының салдарынан әйел сол жерде жан тапсырған. Ал оның сүйіктісі ауруханада көз жұмды.
Порталдың жазуынша, қайтыс болғандар сол түні тойдан шыққан көрінеді. Олардың қолындағы сөмкеде тамақ және ойыншықтар болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13