Қостанай облысында автобус паркі өртеніп кетті

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Оқыс оқиға 24 тамызда таңғы сағат 04:19-да болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рудный қаласында автобус паркі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 24 тамызда таңғы сағат 04:19-да болған.

«Рудныйдағы №2 өрт сөндіру бөліміне "Рудный Автотранс" ЖШС аумағында өрт шығып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен мамандар жолаушылар автобусы өртенгенін анықтаған. Олар басқа автобустарды қауіпсіз жерге көшіруді ұйғарды», – делінген хабарламада.

Осылайша, 12 автобус қауіпсізге жерге қойылған.

Мамандар өртті толығымен таңғы сағат 05:10-да сөндірген. 10 автобус өртеніп, 2 автобусқа зақым келген.

«Өртті сөндіруге Рудный қаласының №2 өрт сөндіру бөлімінің 2 техникасы мен мемлекеттік емес мекеменің 2 техникасы, 18 маман жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген хабарламада.

Новости партнеров