«Эйр Астана» ұшағының бортында жолаушы көз жұмды
kaz.tengrinews.kz
67 жастағы әйел ұшу алдында өзін нашар сезінген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
3 ақпанда «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы - Дели бағытындағы рейсінде жолаушы қайтыс болды. Бұл туралы Халықаралық Алматы әуежайының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі жазды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
«Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшу алдында өзін нашар сезініп, нәтижесінде билет келесі күнге ауыстырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық аурумен ауырған. Ұшқан кезде өзін өте нашар сезінген. Әуежайға келген медициналық қызметкерлер оның қайтыс болғанын анықтады», - делінген хабарламада.
Оқиғаның басқа мән-жайы айтылмады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50