Нұр-сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшақ шұғыл түрде Алматыға қонды
открытые источники
Төтенше жағдай салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Fly Arystan әуе компаниясының Нұр-сұлтан – Шымкент бағытындағы ұшағы шұғыл түрде Алматыға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Авиакомпанияның баспасөз қызметі «Алматы» телеарнасына ұшақтың шұғыл түрде қонуына ауа райының қолайсыздығы себеп болғанын айтты.
«19.02.2021 сағат 08:55-те Нұр – сұлтан-Шымкент бағыты бойынша 7325 борты ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы халықаралық әуежайына қонды. Шымкентке ұшу уақыты 10:45 – ке ауыстырылды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.
Авиакомпания ұшақтың Алматы әуежайына қауіпсіз қонғанын атап өтті. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
11.11.2026 13:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
11.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
11.11.2026 18:53
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Елордадағы қайғылы оқиға: көз жұмған қыздың бірі күзде көшіп келген
10.11.2026 19:11