Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды (ВИДЕО)
Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ірі жол апаты салдарынан Самара – Шымкент жолында көлік қозғалысы тоқтатылған.
Қазақстанның батысында Самара – Шымкент трассасында жүк көліктерінің ірі жол апаты болды, деп хабарлайды sputniknews.kz порталы «Мой город» ақпараттық басылымына сілтеме жасап.
Оқиға сейсенбі күні түске дейін тас жолдың 344-ші километрінде болған. Апат салдарынан жеті жүк көлігі зардап шекті. Кей деректерге сүйенсек, алда келе жатқан жүк көлігі кенеттен күрт тоқтап, салдарынан алып көліктер бір-біріне соғылған.
Көлік апаты орнында түсірілген видеода куәгер жолдың жабылғанын айтады. Көп ұзамай қозғалыс қалпына келтірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52