Көлік базарынан айуандықпен өлтіріп кеткен оқушының мәйіті табылды
sputniknews.kz
Бозбала 12 ақпан күні түнде үйінен шығып кеткен, ал таңертең оның денесі табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қырғызстанның Қаракөл қаласында №5 орта мектептің оқушысын өлтіріп кетті, деп хабарлады Sputnik Ыстықкөл облысы Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейсенбі, 12 ақпан күні сағат 8:23-де, Қаракөл ІІБ кезекші бөліміне автокөлік базарының жанынан мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген милиционерлер денеде зорлықпен өлтіру белгілері бар екенін анықтады, жақын жерден қанға боялған таяқ табылған.
Оқушы 18 жаста болған. Ата-анасының айтуынша, ол 12 ақпанға қараған түні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Дерек Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 130-бабы бойынша («Кісі өлтіру») қылмыстардың бірыңғай тізіліміне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
05.09.2026 14:47
Өзіңізге сый жасап үйреніңіз: 5 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал
05.09.2026 12:03
Дәрігерлер шайды қашан ішу керек екенін айтты
06.09.2026 12:42
5 қыркүйекте Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр
05.09.2026 10:20
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
06.09.2026 15:56