Құбырдың қанша метрін бөлшектеуге тура келетіні жобалық ұйым жүргізетін есептеуден кейін белгілі болады
«Севказэнерго» АҚ-да салынып жатқан Петропавл ЖЭО-2 түтін құбырының еңкейгені туралы қауесет расталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Петропавл ЖЭО-2-де салынып жатқан түтін мұржасы өсінен бір жағына қисайды. Әлеуметтік желілерде құбырдың еңкейгені туралы қауесет тарады. «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі құрылыстың тоқтатылғанын хабарлады.
«8 тамызда Севказэнерго АҚ-ның жаңа түтін мұржасын салу барысында орындалатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қадағалайтын жауапты қызметкерлері мұржа өсінің жобалық ережеден ауытқығанын анықтады. Мердігер ұйым - «Қазтеплоспецстрой» ЖШС. Мұржаны салу жұмыстары дереу тоқтатылды. Объектіні тексеру кезінде құбыр оқпанының құрылысы жүргізіліп жатқан конустық жылжымалы қалыпта өсінен қисаюға әсер еткен ақау табылғаны анықталды», - деп түсіндірді баспасөз қызметінен.
Құбырдың қанша метрін бөлшектеуге тура келетіні жобалық ұйым жүргізетін есептеуден кейін белгілі болады. Сонымен қатар қалыпты бөлшектеу жұмыстары жүргізіледі.
«Биіктік белгісін анықтағаннан кейін бөлшектеу жұмыстары орындалады. Бұдан әрі барлық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын сақтай отырып, жаңа қалып салынады. Құбыр құрылысы бойынша жұмыстар қысқа мерзімде қайта басталады», - деп толықтырды баспасөз қызметінен.
Өткен жылдың наурыз айында құлаған мұржаның орнына салынып жатқан жаңа мұржаның биіктігі 180 метр болуы тиіс. Оның 30 метрі орнатылған. Құрылыс жұмыстары жылдың соңында аяқталып, келесі жылы іске қосылады деп жоспарланған.
Естеріңізге сала кетейік, ЖЭО-2 алғашқы (құрылыс хронологиясында) түтін құбыры 2022 жылдың 20 наурызында құлаған. Апат салдарынан кәсіпорын қызметкері қаза тапты, электр орталығының технологиялық қуаты төмендеді, жылумен жабдықтауда үзілістер болды, жылыту маусымы әдеттегіден әлдеқайда ертерек аяқталды.
5 тамызда құбырдың құлауына қатысты сот аяқталды. Іс бойынша ЖЭО-2 бұрынғы директоры, 61 жастағы Ержан Қоңырбаев, бас инженер, 52 жастағы Сергей Торохтия және қазандық цехының бастығы, 35 жастағы Сергей Марченко ақталды.
Судья Алмас Жұмағазин ақтау үкімін сотталушылар 2022 жылдың көктемінде қалыптасқан жағдайға әсер ете алмайтындығымен түсіндірді, өйткені олар өз лауазымдарын қысқа мерзімде атқарды, ал апатқа әкелген факторлар сотталушылардың жұмыс кезеңінде емес, олардан әлдеқайда бұрын пайда болды. Сонымен қатар құбырдың құлауына шынымен кінәлі жұмысшыларға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Оқи отырыңыз: Биыл Алматыда қандай көшелерге жөндеу жұмысы жүргізіледі