«Таксист қайтып келіп, тірі жатқан әйелді қылқындырып өлтірген»: Алматы облысында жоғалған әйелдің өлімі

«Таксист қайтып келіп, тірі жатқан әйелді қылқындырып өлтірген»: Алматы облысында жоғалған әйелдің өлімі
Әйелдің денесін зиратқа апарып көміп тастаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында таксист қолынан қаза болған әйел оның танысы болып шықты. Ол марқұм әйелге қомақты ақша қарыз болған, деп хабарлайды КТК.

43 жастағы Айнұр Қасымованы көлік жүргізуші алдымен таспен ұрып, кейін аяқ киімнің бауымен қылқындырған. Қайғылы оқиға Алматы облысында болды.

Таксист Айнұрды үйіне жеткізіп тастауды ұсынады. Жол бойында екеуі жанжалдасып, жүргізуші оның басынан ұрып талдырып, көліктен сыртқа лақтырып жіберген. Кейін қайта келіп, аяқ киім бауымен қылқындырған. Ол кезде әйел әлі тір болған. Телефонын алып туыстарымен сөйлеседі. Осыдан кейін әйелдің денесін зиратқа апарып көміп тастайды.

Такси жүргізуші полицейлердің күдігіне бірден ілінді. Ол жауап беру барысында шатаса бастады. Кейін кінәсін мойындады.

«Мәйітті жақындары таныды. Қазір күдікті уақытша қамау абақтысында. Адам өлімі бойынша тергеу басталды», - дейді облыстық Полиция депратаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Новости партнеров