|
28.10.2019 | 09:38
2610

Атырауда әскери қызметкер менингиттен қайтыс болды

Әскери бөлімге сарбаз 16 қазанда келген келген

Атырауда әскери қызметкер менингиттен қайтыс болды inform.kz

Атырауда менингиттен әскери қызметкер қайтыс болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарына қарағанда, 26 қазанда облыстық ауруханаға әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметкер ауыр халде жеткізген. Пациентке алдын ала диагноз қойылды - шұғыл формадағы менингококк инфекциясы. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, әскери қызметкер бес сағаттан кейін көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әскери қызметкер 26 қазанда медициналық көмекке жүгінген. Әскери бөлімге сарбаз 16 қазанда келген келген.

"Денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайды тексеру бойынша комиссия құрды. 27 қазанда әскери бөлімде эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шаралар өткізілді - науқастармен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігерлер тексеріп, айғақтары бойынша антибиотикпрофилактика шаралары тағайындалып, басталды. Байланыста болған адамдардың арасында менингококк инфекциясына күдікті адамдар анықталмады, медициналық бақылау жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир