|
26.01.2023 | 09:46
2149

Қостанайда қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды

Оған ҚР ҚК 99- бабы 2-бабы 3,8 тармақтары және ҚР ҚК 192- бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша іс қозғалған

Қостанайда қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды Sputnik / Табылды Кадырбеков

Қостанайда алтын бұйымдар үшін қарт әжейді пышақтап өлтірген әйел 17 жылға сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қостанай ауданының Нечаевка ауылының тұрғыны дәрменсіз күйдегі адамды өлтіргені және қарақшылықпен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында қару ретінде пайдаланатын заттарды қолдану арқылы адамның өмірі немесе деңсаулығына шабуыл жасағаны үшін сотталды. Оған ҚР ҚК 99- бабы 2-бабы 3,8 тармақтары және ҚР ҚК 192- бабының 2-бөлігінің 4-тармағы бойынша іс қозғалған.

«Сот талқылауы барысында белгіленген мән-жайларды ескере отырып, сот сотталушы Е-ге қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 17 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар, жәбірленуші тараптың пайдасына 10 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян және 2 598 287 тенге материалдық залал өндірілді», – делінген Қостанай облыстық сотының ресми хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2022 жылдың 1 қыркүйегінде сотталушы Е. дүкенде Қостанай қаласының 75 жастағы тұрғыны Ж. таққан алтын бұйымдарды (тізбек, білезік және сақиналар) көріп, жәбірленушінің тұрғылықты жеріне дейін артынан аңдып барған.

Ол әжейге үйдің кіреберісінде шабуыл жасап, оған 15 рет пышақ жарақатын салған. Содан кейін мойнынан алтын тізбекті жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал 75 жастағы қарт әжей сол жерде көз жұмған еді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир