|
12.08.2023 | 09:47
3293

Жетісу ауданында ірі көлемде өрт шықты

Тілсіз жауды сөндіріге 100-ден аса адам жұмылдырылды

Жетісу ауданында ірі көлемде өрт шықты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Алматыда «барахолка» базары маңынан өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 тамыз таңғы сағат 07:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.

Оқиға орнында жедел штаб құрылып, бірнеше өрт сөндіру учаскесі құрылды.

Өрт сөндірушілер ангар типті отқа оранған қоймаларды сөндіріп жатыр.

«Қоймалардың қабырғасы металлдан жасалған, жоғары температура салдарынан құрылымдардың құлау қаупі бар. Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс істеуде, Москин көшесі, 7а мекенжайында көрші қоймаларды сөндіруге және қорғауға оқпандар енгізілді»,- деп хабарлады ведомстводан.

Өртті сөндіруге 25 техника, 85 адам және қаланың өзара іс-қимыл қызметі жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Төбесі құлап, керегесі қисайған: атыраулық оқушылар биыл да апатты мектепте оқиды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир