Ақтөбе облысында белгісіз біреулер ер адамды пышақтап, аурухана дәлізінде қалдырып кеткен

Ақтөбе облысында белгісіз біреулер ер адамды пышақтап, аурухана дәлізінде қалдырып кеткен
Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Белгісіз біреулер жас жігіттің мәйітін Ақтөбе облысындағы Алға орталық аудандық ауруханасының дәлізінде қалдырып кеткен, деп хабарлайды Sputnik "Хабар 24" сілтеме жасап.

Кезекші медициналық қызметкерлердің айтуынша, мәйітті үш адам әкелген. Ауруханадағылар көліктің түсін ғана көрген, маркасын байқамапты.

Полиция Бестамаққа барар жолда қою көк түсті Lexus GS 300 көлігін тоқтатты. Үш ер адам бірден күдік туғызған.

Тексеріс кезінде олардың бірі жігітті өлтіргенін мойындады. Екеуінің арасында жанжал туып, оған пышақ сұғып алған. Жас жігіт есін жимастан, көз жұмды. Күдікті полицейлерге пышақты да берді.

Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1 –бөлігі ("адам өлтіру") бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Новости партнеров