Қостанай облысында ауыл дәмханасында жарылыс болды

© Фото: ҚР ТЖМ
© Фото: ҚР ТЖМ
Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысының Май ауылында дәмхана ғимаратында жарылыс болып, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды  Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 8 қазанда сағат болған.

«Сағат 20:19-да ауданы 330 шаршы метрді құрайтын «Майская сказка» дәмханасының бір қабатты ғимараты өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Төтенше жағдайлар қызметкерлері жанып жатқан ғимараттан әрқайсының көлемі 27 литр болатын жеті газ баллонын шығардыү Ал дәмхана ішіндегі тағы үш баллон жарылып кеткен», - делінген хабарламада.

Өрті сөндіруді екіпіні 15 м/с-қа дейін күшейген жел қиындатып жіберген. Соның салдарынан өрт өрши түскен.

Өрт сағат 21:45-те оқшауланып, 22:10-да сөндірілді.

Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Новости партнеров