Жігітімен қашып кеткен 15 жастағы жасөспірім үйіне қайтарылды

Polisia.kz
Polisia.kz
Бұрын жасөспірім мұндай әрекеттерге бармаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының полицейлері жігітімен қашып кеткен 15 жастағы жасөспірімді үйіне қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

10 қыркүйекте Қаратал ауылының 48 жастағы тұрғыны 15 жастағы қызының жоғалғаны туралы Көксу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне арызданған. Полиция жоғалған жасөспірім туралы арызды СДТБТ-ға тіркеп,бірден  іздестіру шараларын ұйымдастырды. Бейнекамераларды тексерген тәртіп сақшылары  жоғалған жасөспірімнің жанынан жігітті көріп, оның  ата-анасына қызының тірі екенін және жақын арада табатындарын жеткізген. Полиция қызметкерлері жоғалған қызбен ұялы телефон арқылы байланыс орнатып, оны бірнеше психологиялық әңгімелерден кейін үйіне қайтуға көндірген. 13 қыркүйек күні қыз үйіне  аман – есен оралды. Ол өзінің үйден қашу әрекеті себебін жігітімен серуендегісі келетіндігімен түсіндірген. Ризашылығын білдірген анасы полицейлердің жедел, әрі сапалы жұмысын атап өтті. Бұрын жасөспірім мұндай әрекеттерге бармаған. Ол енді үйден қашпауға уәде берді,ал өз кезегінде  полицейлер онымен профилактикалық әңгімелесу өткізді. Ювеналдық полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін қыздың анасын жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін аудандық әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға материал жіберді.

Новости партнеров