Белгілі журналист Бейсен Құранбек дүниеден өтті

inform.kz
inform.kz
2017 жылдың қыркүйек айынан бері Ұлттық арнада «Қарекет» бағдарламасын жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ елі бүгін қара жамылды. Белгілі журналист, тележүргізуші, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек 49 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Журналист Алматы облысының Кербұлақ ауданына қарасты Қызылжар ауылында өмірге келген. Еңбек жолын газеттен бастаған қалам иесі қазақ телевизиясы тарихында ойып тұрып орын алды. Ол «Рахат», «31 арна», «Хабар» сияқты телеарналарда келелі еңбек етіп, «Қазақстан» арнасында бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық жайын қозғады. «Айтуға оңай, «Қарекет» бағдарламалары арқылы дүйім жұрттың діңкесін ауыртқан өзекті мәселелерді көтеріп, халқымен бірге бола білді. Президент сыйлығының иегері, еліміздің мәдениет қайраткері соңғы жылдары ауыр дертке шалдығып, бірнеше рет емделген болатын. «Алматы» телеарнасының ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

«Оның ел алдындағы еңбегін біздің көрермендеріміз жақсы біледі. Мен өз басым Бейсенмен әріптес болдым. Бейсен Алматы облысының «Жетісу» телеарнасына келген кезде осы облыстың арнасын көтеруге ерекше мән берді. Қалай десек те, аз да болса, қысқа өмірінде өзінің сүйікті, сүйіп таңдаған мамандығына беріліп жұмыс істеді», – деді журналист Мейрам БАЗАРҰЛЫ

Новости партнеров