Қызылорда облысында қыздар төбелесіп, оны өздері видеокамераға түсірген
Полиция осы виеоролик арқылы қатарласын ұрған бойжеткенді анықтады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда облысында бір қыз екіншісін аяусыз ұрып-соққан, ал өзгелері ажыратудың орнына бұл сәтті бейнекамераға түсіріпті. Енді осы видеокадрлар арқылы облыстық Полиция департаменті бұзақылық жасаған бойжеткенді анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті.
Оқиға биыл 17 сәуір күні Тасбөгет ауылында болған екен. Жәбірленген қыздың ата-анасы полицияға шағымданбаған.
"Бұзақылық дерегін тексеру барысында полицейлер өз қатарласын ұрған қызды және бұл оқиғаны бейнекамераға түсіріп, видеоны әлеуметтік желілерге таратқандарды анықтады. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-тармағы (бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген полиция таратқан хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
12.11.2026 21:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
12.11.2026 08:15
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
12.11.2026 19:41
Кофенің пайдасы мен зияны: дәрігерлер нені ескертеді
13.11.2026 12:40
Алматыда 16-22 қараша аралығында ауа райы қандай болады
13.11.2026 08:13