11 сәуір күні түнде, Алматы облысында Алматы-Талдықорған тас жолында ірі жол апаты болып, нәтижесінде жүргізушілердің бірі ажал құшты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Автобөлшектер тиеген жүк таситын «КамАЗ» ұзын өлшемді көлігі солтүстік бағытта - Талдықорғанға қарай бағыт алған. Қапшағайдан өткен соң, тас жолдың 82-шақырымында ұзын көліктің жүргізушісі кері айналмақ болып, жолдың ортасына тұра қалған. Осы сәтте оңтүстікке - Алматыға қарай Mitsubishi Outlander автокөлігі келе жатады. Жолдың дәл осы аумағындағы созылмалы бұрылыс пен жарықтың жоқтығын есепке алғанда (трасса бойындағы көше жарықшамдары істен шыққан) жол талғамайтын көліктің жүргізушісі тоқтап үлгере алмаған.
Көлік бар жылдамдығымен тіркеменің артқы дөңгелек тұсына кіріп кеткен. Алған жарақаттардың нәтижесінде Mitsubishi-ді тізгіндеген жүргізуші сол жерде жан тапсырды.
Айта кеткен жөн, жүк көлігінде қандайда бір жарықтандырғыш болмаған, ЖКО-на бұл да себеп болған болуы мүмкін.
Болған оқиғаның жай-жапсарын мамандар анықтайтын болады.