|
Jol
15.08.2024 | 09:57
558

Алматыда «Медеу» БТСК барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады

Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Алматыда «Медеу» БТСК барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады elements.envato.com

Алматыда «Медеу» БТСК барар жол түнде жөндеуге байланысты жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Керей-Жәнібек хандары көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

15 тамыз сағат 23:00-ден 16 тамыз 07:00-ге дейін қозғалыс «Ақбұлақ» бұлағынан 558/1 ғимаратқа дейінгі аумақта жабылады. Жабылған жолдың ұзындығы 1,2 км.

Айта кету керек бұл көшенің жалпы 6 шақырымы жөнделмек. Тағы басқа жолдардың жабылатын күні мен уақыты қосымша хабарланады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стенд қойылады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жазылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир