Алматы облысының қорығында ер адам заңсыз мылтықтан елікке оқ атқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Талғар ауданының мемлекеттік қорығының аумағында кезекті рейдтік іс-шара өткізу барысында барлық дәлелдерімен бірге Алматы қаласының тұрғынын ұстады. Браконьер жануарды бірнеше бөлікке бөліп үлгерген. Ер адамнан бөлінген малдың еті мен мылтық тәркіленді. Полиция қызметкерлері 1977 жылғы күдіктіден атыс қаруын алып жүруге, сақтауға және пайдалануға ешқандай құжаттардың жоқтығын анықтады.
Тәртіп сақшылары ұзақ ойланбастан процессуалдық әрекетке кірісіп, заңсыз аң аулау дерегін сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеп, күдіктіні полиция бөліміне тексеру үшін жеткізді. ҚР ҚК 337-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.