|
18.11.2021 | 10:00
1079

Павлодарда гараждан әйел мен екі ер адамның денесі табылды

Олардың автокөлік жөндеумен айналысқан анықталды

Павлодарда гараждан әйел мен екі ер адамның денесі табылды baq.kz

Павлодар қаласындағы Мир көшесінде орналасқан гараж боксында әйел мен екі ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ерлі-зайыптының автокөлік жөндеумен айналысқаны және гаражды жалға алғаны анықталды. 

"Ерлі-зайыптылар жұмыс орнында болған кезде оларға отбасылық досы келгені белгілі болды. Барлығы бірге гаражда ішімдік ішкен, суыта бастаған соң Mercedes Benz маркалы автокөлікті іске қосып, ұйықтап қалған. Мәйіттерді көрші гараждың жалға алушысы тапты, ол бұл туралы полицияға хабарлады. Гараждың іші автокөліктің газ құбырынан шыққан тұншықтырғыш газға толы болған. Жүргізілген сот-медициналық сараптамаларға сәйкес, үш адамның өлімі улы газбен улану салдарынан болған", – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Тәртіп сақшысы Гагарин көшесінде орналасқан гараж кооперативінің боксындағы ер адам да осындай қайғылы өліммен көз жұмғанын жеткізді.

14 қарашада бір ер адам полицияға қоңырау шалды. Анықталғандай, ол гараж бойынша көршісі болып шықты. Ер адам өз көлігін гаражға кіргізген кезде көрші гараждан көлік қозғалтқышының іске қосылған дыбысын естігенін және шамның жанып тұрғанын түсіндірді. Гараждың есігін қақты, бірақ ешкім ашпады. Ер адам уайымдай бастады, полиция шақырды. Оқиға орнына келген полицейлер облыс орталығының 44 жастағы тұрғынын ВАЗ-21150 маркалы автокөлігінен тапты. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Айта кетейік, мәйіттер табылған кезде гараждағы көліктер жұмыс істеп тұрған күйде болған.

"Кез келген көлік жүргізушісі қауіпсіздік шараларын байыппен қабылдауға міндетті. Газбен уланудың алдын алу үшін жүргізушілер көліктің газ шығару жүйелерінің жұмысқа жарамдылығын, олардың герметикалығын ұдайы тексеріп отыруы тиіс", – деді Рашад Өтеуов. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир