|
Jol
29.03.2019 | 10:00
2104

Такси жүргізушісі жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырды

Ер адамның ұялы телефоны, қымбат сағаты мен алтын сақинасы ұрланды

Такси жүргізушісі жолаушыға ұйықтататын дәрі беріп, арам ойын жүзеге асырды sputniknews.kz

Мәскеуде такси жүргізушісі жолаушыға дәрі қосылған шырын беріп, заттарын ұрлады, деп хабарлайды Sputnik.

«З наурыз күні түнгі 01.00 мен таңғы сағат 05.00 аралығында такси жүргізушісі жолаушыға дәрі қосылған сусын берді. Ер адамның жалпы сомасы 108 мың рубль (635 мың теңгеге жуық) болатын жеке заттары ұрланды», - делінген мәскеулік Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Жүргізуші ер адамның ұялы телефоны, сағаты мен алтын сақинасын қолды етіп, ізін суытқан. Біраздан соң есін жиған жолаушы заттарының ұрланғанын байқайды. Алайда оларды іздеуге бірден кірісе алмапты. Дәріден уланып, ауруханаға жеткізілген.

Материалдық залал сомасы 108 мың рубльге бағаланып отыр. Ресейдің қылмыстық кодексінің «тонау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оңай жолмен пайда таппақ болған такси жүргізушісі кеше, 27 наурыз күні ұсталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир