|
02.06.2020 | 10:02
1210

Қазақстанның кейбір өңірлерінде 42 градусқа дейін ыстық болады

Алматы облысында да 35 градусқа дейін ыстық болжанып отыр

Қазақстанның кейбір өңірлерінде 42 градусқа дейін ыстық болады Фото: komi-news.ru

Қазақстанның оңтүстігінде 42 градусқа дейін ыстық болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz  «Қазгидромет» өкілдеріне сілтеме жасап.

Түркістан облысында 2-4 маусым аралығында 40-42 градусқа дейін ыстық болады. Атырау облысында да ауа температурасы 35-38 градусқа дейін жоғарылайды.

Алматы облысында да 35 градусқа дейін ыстық болжанып отыр.

Ақмола облысында найзағай ойнауы мүмкін, солтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Нұр-Сұлтанда 2 маусымда найзағай ойнайды деп болжанып отыр. Көкшетау мен Қостанай облысыда да найзағай болжанады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады. Солтүстік желі секундына жылдамдығы 15-20 метр болатыны айтылады.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі мен шығысында ауа температурасы төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-батысты күн ыстық болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир