Атырауда екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып көз жұмды

novate.ru
novate.ru
Қайтыс болғандардың бірі 1989 жылғы, екіншісі – 1999 жылы туған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жеке тұрғын үйдің жанынан шұңқыр қазып жатқан екі ер адам топырақ үйіндісінің астында қалып мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 18 маусымда болған.

«Атырау қаласындағы Жұлдыз шағынауданында орналасқан жеке тұрғын үйдің жанынан екі ер адам шұңқыр қазып жатқанда су құбыры жарылып кеткен. Соның салдарынан шұңқырға топырақ үйіндісі құлап, екі адамды басып қалған. Екеуі де оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қайтыс болғандардың бірі 1989 жылғы, екіншісі – 1999 жылы туған.

Қазір полиция қызметкерлері осы дерекке байланысты тергеу амалын жүргізіп жатыр.

«Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген хабарламада.

Новости партнеров