Адасқандар: Алматы облысының тауларында жоғалған екі турист табылды
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Құтқарушылары 88 шақырымнан астам жол жүріп өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында 25 мамыр түні жоғалып, өздері 112 нөміріне хабарласқан туристерге құтқарушылар көмек көрсету үшін тауға аттанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райына қарамастан, РЖҚЖ құтқарушылары 88 шақырымнан астам жол жүріп өтіп, Талғар ауданының Бутаков шатқалына келген. Лесная асуына қарай көтеріле берген жерден жоғалған адамдар табылды. Украинаның екі азаматын (бір ер, бір әйел адам) тапты. Жастарға жылы киім мен шай берілді, содан кейін оларға қауіпсіз жерге түсуге көмек көрсетілді.
Туристерге медициналық көмек қажет болмады.
Оқи отырыңыз:Атыраудағы Соколок каналын тасқын бұзды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
05.10.2026 09:24
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Елімізде көлік жүйесі қалай өзгеріп жатыр
05.10.2026 09:45