|
02.07.2020 | 10:06
3088

Павлодарлықтар шектеуге қарамастан «қыз ұзатқан»

Мейрамхана иелері 100 АЕК немесе 277 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Павлодарлықтар шектеуге қарамастан «қыз ұзатқан» Фото: ашық дереккөзден

Павлодардағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 30 маусымда мониторинг тобы полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп тексеріс жүргізіп, тойдың болып жатқанын анықтаған.

«30 маусымда шектеуге қарамастан Павлодардағы мейрамханалардың бірінде 45 адамға арналған "қыз ұзату" болды. Мейрамхана әкімдігіне әкімшілік хаттама толтырылды, ол сот тәртібімен қарастырылады», – дейді мониторинг тобының өкілдері.

Мейрамхана иелері 100 АЕК немесе 277 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін.

Анықталған тәртіп бұзушылықтан кейін жергілікті билік тағы да павлодарлықтарға инфекция жұқтыру қаупі туралы ескертіп, сақтық шараларын сақтауды сұрады.

«Карантинді алғаш рет енгізген кезде, біздің барлығымызда скептикалық көңіл-күй болды, жеке менің достарым да, бұған күмәнмен қараған туыстарым да болды. Бірақ өкінішке қарай, қазір вирус әсер етпеген адам қалған жоқ деп ойлаймын. Немесе туыстары, достары немесе таныстары жедел жәрдемнен көмек сұрайды. Жағдайға жауапкершілікпен қарауды өтінеміз. Кешегі қыз ұзату таңғаларлық!» – деді Есімханов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир