"Алимент төлемеу үшін": Әкесі туған ұлын суға батырып өлтірген

Ол аздай, ұлы суға батып кеткенше қадағалап тұрған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өзбекстанның Наманған қаласында әкесі өзінің бір жасар ұлын су ағатын арыққа лақтырып жіберген. Салдарынан сәби көз жұмды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі«Служба новостей Центральной Азии» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары сотқа сілтеме жасаған БАҚ мәліметінше, Наманғанның қылмыстық істер бойынша облыстық соты 26 жастағы Расулбек Ташпулатов өз ұлын қасақана өлтірді деп таныған.

Сот материалдарына сәйкес, 2017 жылы шаңырақ көтерген Ташпулатов 2018 жылдың 4 шілдесінде әке атанып, ұлы өмірге келген. Алайда 2019 жылдың 24 сәуірінде ол әйелімен ажырасып кетіпті. Себебі ұлы өзіне ұқсамайтынын айтып, күмән келтірген.

Сот шешімі бойынша, Расулбек Ташпулатов ұлы 3 жасқа толғанша өз табысының 70 пайызын алимент ретінде төлеуге міндеттелген.

Алайда ол 8 шілдеде өз ұлын ұрлап әкетіп, су ағатын арыққа лақтырып жіберген. Артынша ұлы суға батып кеткенше бақылап тұрыпты.

Сот ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Новости партнеров