Алматы облысында ер адамды әйнектің сынығымен бауыздап өлтірді
Полиция ер адамның өліміне қатысы бар күдіктіні ұстады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы облысында жұмысшыны өлтірген 49 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция департаментінің мәліметінше, Қаскелең қалалық ауруханасына мойны жарақатанған 50 жастағы ер адам түскен. Алайда ол есін жимаған күйі көз жұмған. Полиция өлімге қатысты күдіктіні ұстады. Оқиғаны көрген куәгерлер бар.
«Іргелі ауылының тұрғыны ұсталды. Олар бір-бірімен таныс болған. Марқұм ер адам да, күдікті де әртүрлі жұмыс істеп ақша тауып жүрген. Екеуі жанжалдасып қалып, соңында төбелеседі. Күдікті марқұмның кеңірдегін әйнектің сынығымен орып жіберген», – делінген хабарламада.
Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37