Қатты жел салдары: Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус аударылып қалды
elements.envato.com
Оқиға Алматы – Екатеринбург тасжолында болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыдан Астанаға бара жатқан автобус Қарағанды облысы аумағында аударылып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Полиция дерегінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17:30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.
Қатты жел соғып тұрғанда 33 жастағы Yutong автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылды.
Салонда 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Полиция сараптама тағайындады. Соның нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Күзде қандай аурулар жиі асқынады
24.10.2026 16:47
Баланың сабаққа зейінін арттыратын тағамдар аталды
24.10.2026 15:37