Жетісуда браконьерлерден киіктің мыңға жуық мүйізі тәркіленді

gov.kz
gov.kz
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында браконьерлікпен айналысқан 5 ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

10 қарашада жедел ақпаратты іске асыру нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті полиция органдарымен бірлесіп, «Бүркіт» арнайы бөлімшесінің қызметкерлерін тарта отырып, Қазақстан Республикасының бес азаматын ұстады.

Олардың көлігін тінту барысында жалпы салмағы 100 келіден асатын 983 киік мүйізі табылды. Ұсталған адамдар жақын шетелге жөнелте отырып, дериваттармен сауда жасады деп күдіктенеді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы («Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Новости партнеров