Референдумға дейін:
25
күн
22
сағат
50
минут

Алматыда жарысқа байланысты бірнеше көше жабылады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

13 қарашада City Run 2022 жарыс өтеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 қарашада City Run 2022 жарыс өтетін сағ. 04:00-ден 11:00-ге дейін  жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жарыс «Астана» алаңында басталады.

Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 04:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады.

Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қозғалыс сағ. 07:45-тен 09:40-қа дейін жабық болады.

Наурызбай батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:00-ден 09:30-ға дейін жабық болады.

Шевченко көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:05-тен 09:20-ға дейін жабық болады.

Панфилов көшесінің бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Бөгенбай батыр көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Абылай хан даңғылының бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағ. 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді.

Новости партнеров