Шығыс Қазақстанда 12 вагон рельстен шығып кетті
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, алайда 6 пойыз кестеден кешіккен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтоғай – Аягөз учаскесінде он екі вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.
Оқиға 27 маусым күні сағат 16.20-да болған.
Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ, деп атап өтті компания.
Аягөз және Ақтоғай станцияларында қалпына келтіру пойыздары оқиғаның зардаптарын жоюды дереу қолға алған.
Шығыс Қазақстан облысындағы теміржол апаты салдарынан жолаушыларға арналған алты пойыз: № 301 Новосибирск – Алматы, № 351 Өскемен – Алматы, №311 Семей – Нұр-Сұлтан, №459 Өскемен – Достық, №32 Алматы – Павлодар, №22 Қызылорда – Семей пойыздары уақытынан кешікті.
Арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себебі анықталып жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53