Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, тергеу ісі басталды
Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
Облыстық Полиция департаментінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 4 ақпанда сағат 15:30 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе – Атырау – Астрахань тасжолының 873 шақырымында болған.
«Volvo маркалы жүк көлігінің 1958 жылы туған жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан Mitsubishi Outlander автокөлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Mitsubishi Outlander автокөлігі өртке оранып, 1964 жылғы жүргізушісі мен 1965 жылғы жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып, тергеу ісі басталды.
Оқи отырыңыз: Almaty City App жаңа қосымшасы жылдың соңына дейін іске қосылады