|
29.09.2020 | 12:25
3097

Алматыда автокөлік айналарын ұрлаған топ ұсталды

Ол ұрланған мүлікті сатып алу мен сатудың 161 фактісі бойынша өзінің кінәсін мойындады

Алматыда автокөлік айналарын ұрлаған топ ұсталды   Фото: ашық дереккөзден

Алматыда автокөлік айналарын ұрлаған топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы қалалық полиция департаменті паспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол топқа қымбат жол талғамайтын көліктерден айналар ұрлауға және сатуға мамандандырылған екі адам кіреді.

«Біздің бөлімше қызметкерлерінің күшімен, Алмалы аудандық полиция Басқармасы әріптестерінің көмегімен бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 1986 жылы туған азамат ұсталды. Ол қала аумағында автокөлік айналарын ұрлаумен айналысқан және белгілі болғандай, оларды "Кар сити" сауда үйінде сататын орны бар сатушыға сатқан.  Жедел іс-шаралар барысында ұрланған заттарды сатып алушы - 1985 жылы туылған Т.есімді азаматта ұсталды. Бүгінгі таңда 6 элиталық көліктен, негізінен "Toyota Land Cruiser 200" маркалы жол талғамайтын көліктерден айна ұрлығына «қылмыстық дуеттің» қатысы бар екендігі анықталды.  Сатып алушы ұрланған мүлікті өзінің жұмыс орнында сататын болып шықты.  Айғақты заттар алынды және қылмыстық істердің материалдарына қоса тіркелді», – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Еркін Іңкәров.

Екі күдікті де қамауға алынды.  Ұрының әрекеті ҚР ҚК-нің 188 бабы - біреудің мүлкін ұрлау, қылмыстың тағы бір сыбайласы ҚР ҚК-нің 196 бабы -ұрланған затты сату бойынша  қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

Анықтама үшін: жыл басынан бері шаһарда айна ұрлығы 2,3 есеге азайған.  Бүйірлік айналарды ұрлаумен айналысқан 17 адам ұсталды, ұрланған тауарлардың тағы 41 сатып алушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ол ұрланған мүлікті сатып алу мен сатудың 161 фактісі бойынша өзінің кінәсін мойындады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир