|
Jol
04.03.2019 | 10:23
1211

Қарағандыда оқушы үшінші қабаттан құлап кетті

Мұғалім жұмыстан шығарылды

Қарағандыда оқушы үшінші қабаттан құлап кетті baq.kz

Қарағандының №77 мектебінің бастауыш сынып оқушысының білім беру мекемесінің 3-қабатындағы терезеден құлап кетуіне байланысты мұғалім өз өтінішімен жұмыстан кетті, деп жазды BAQ.KZ.

Үстіміздегі жылдың қаңтар айының соңында Қарағандының орта білім беретін мектептерінің бірінде оқыс оқиға орын алған.

Мектептің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен бүлдіршін абырой болғанда аман қалған. Күртік қарға құлаған 7 жасар қыз баланың еш жері сынбаған, ішкі ағзалары да аман. Оқыс жағдайдан кейін полицейлер қылмыстық іс қозғады.

Абайсызда терезеден құлап кеткен оқушының сынып жетекшісінің де денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түскен. Оның жүрегі ауырып, қан қысымы көтерілген.

«Мұғалім денсаулығына байланысты еңбек демалысынан кейін жұмысқа қайта шыққысы келмеді. Ол аталған оқиғадан кейін денсаулығының нашарлағанын, енді білім беру саласында қызметін жалғастырғысы келмейтінін айтты. Мектептің басшылығы педагогтың жұмыстан кету жайлы өтінішін қанағаттандырды. Ол өз өтінішімен жұмыстан шығарылды», - дейді Қарағанды қаласы білім бөлімінің мектеп және мектепке дейінгі білім беру секторының меңгерушісі Наталья Головина.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир