Балқашта жүк көлігі мен дуалдың арасына ер адам қысылып қалды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балқашта ер адам жүк көлігі мен дуалдың арасына қысылып, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

60 жастағы «MAN» жүк көлігінің жүргізушісі көлігінен жүк түсірумен айналысып жатқан. Кенеттен автокөліктің тежегіштері істен шыққан. Ер адам жылжып бара жатқан көлікті өз күшімен тоқтатуға тырысқан. Нәтижесінде ол машина мен дуалдың арасында қысылып қалған. Жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

«14 қыркүйек күні сағат 16:30 шамасында Желтоқсан көшесі, 19 мекенжайы бойынша орналасқан «Светофор» супермаркеті аумағында Алматы облысынан келген 60 жастағы жүргізуші «МАN» маркалы жүк көлігін тоқтату әрекеті кезінде ашық автотұрақтың бағанасына қысылып қалған, ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша нөлдік бап бойынша адамның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәйіт сараптамаға жіберілді», - делінген департамент хабарламасында.

Новости партнеров