Маңғыстау облысында карантин кезінде той жасалған
Фото: ашық дереккөзден
Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында карантин кезінде 30 тұрғын қатысқан той өткені анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.
7 тамызда Шетпе кентінде шамамен 23:30-да учаскелік полиция инспекторлары карантин режимін бұзу фактісін анықтады. Шетпе кентіндегі үйлердің бірінде 30-ға жуық адам жиналған үйлену тойы өткен. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы негізінде әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысы бойынша Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды карантин режимін бұзбауға, шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52